«Қазақстан билікке сын айтқандарды басып-жаншып отыр»

29 наурызда «Amnesty International» халықаралық ұйымы әлемдегі адам құқығының жай-күйі туралы есебін жариялады


30/03/2022
11:39 35724 0

Фото: DW

 

29 наурызда «Amnesty International» халықаралық ұйымы әлемдегі адам құқығының жайүйі туралы есебін жариялады. Онда Қазақстанда билікке сын айтқандар басып-жаншылып, қудаланып, қысым көріп жатқаны жөнінде, азаматтық еркіндік шектелгені жөнінде айтылған. 

 

«Amnesty International» соңғы уақыттары елде болған маңызды оқиғалар жөніндегі баяндамасында Қазақстанда ой және бейбіт жиын өткізу еркіндігі шектеліп отырғандығы айтылған.

 

—Қазақстанда бейбіт жиындар өткізу туралы заңда шектеулер көп болғандықтан митинг өткізу жөніндегі өтініштер мақұлданбайды. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, 2020 жылдың шілдесі мен 2021 жылдың қазан айлары арасында 22 қалада 133 өтініш кері қайтарылған. Бейбіт шерушілер полицияның қысымына жиі ұшырайды. Оларға қарсы заңсыз ұстаумен пара-пар «кеттлинг» әдісі қолданыларды. 2020 жылы 10 қаңтар парламент сайлауы өткен күні полиция 12 адамнан тұратын топты тоғыз сағат бойы ас-сусыз, дәретханаға жібермей, аязда ұстаған, — делінген баяндамада.  

 

Бұдан бөлек, баяндамада Қазақстанда 405 бап бойынша «экстремистік» ұйым қызметіне араласты деген айыппен сотталған азаматтардың саны артқаны жөнінде айтылған. «Amnesty International» есебі бойынша, 2020 жылы 405 баппен 14 адам жауапқа тартылса, 2021 жылы олардың саны 43-ке жеткен. Айыпталғандардың барлығы «Қазақстанның демократиялық таңдауы» және «Көше партиясы» қозғалыстарын қолдап, билікті ашық сынағандар. Екі ұйым да 2018 және 2020 жылдары жабық сотта «экстремистік» деп танылып, Қазақстан аумағында тыйым салынған. Еуропарламент бұл ұйымдардың бейбіт оппозициялық ұйымдар деп есептейді. 

 

Amnesty International қазір парламентте талқыланып жатқан, балаларды кибербуллингтен қорғайды делінген түзетулерге қатысты да пікір білдірген. Заңға ұсынылған өзгертулерге сәйкес, шетелдік интернет-платформалар Қазақстанда тіркеліп, өкілдік ашуы керек. Құқық қорғаушылар бұл түзетулер пікір білдіру еркіндігі мен ақпаратқа қол жеткізу құқығын шектейді деп сынаған.

Поделиться

Нет комментариев.

30/03/2022 11:39
35724 0

Уведомление