Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының Израиль шекарасына қатысты қарарын қолдады


29/11/2023
16:29 12086 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Қазақстан БҰҰ Бас ассамблеясының Израильдің 1967 жылғы шекарасына оралу жөніндегі резолюциясын қолдады. Құжатта Израиль Голан шатқалын босатуы тиіс екені айтылған. 

 

Қазақстаннан өзге қарарды 91 ел қолдаған. Оның ішінде Қытай, Ресей, Үндістан, Сауд Арабиясы сияқты елдер бар. 8 мемлекет қарсы дауыс берген. Оның ішінде Ұлыбритания мен АҚШ бар. 62 ел қалыс қалған. 

 

Қарар сегіз пункттен тұрады. Құжатта Израильдің 1981 жылғы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 497 қарарының талаптарын орындамай отырғаны жазылған. Онда Голан шатқалына Израиль юрисдикциясына кірмеуі тиіс деп көрсетілген. Қарар Израиль басып алған Сирия жерлерінің барлығын ресми Дамаскқа қайтаруды міндеттейді. 

 

Резолюция авторлары Голан шатқалын басып алу аймақтағы тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге кедергі келтіреді деп есептейді. 

 

Халықаралық құқық бойынша, Голан шатқалы Сирияның құрамдас бөлігі деп танылған. Израиль аймақты 1967 жылғы алты күндік соғыс кезінде басып алған. Голан шатқалының шығыс бөлігі Сирияның бақылауында. 1981 жылы Израиль парламенті бір жақты шешіммен аймақты өз құрамына қосқан. Дәл осы жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі аймақты басып алуды заңсыз деп таныған. 

Поделиться

Нет комментариев.

29/11/2023 16:29
12086 0

Уведомление