«Азаптаушы» полицейлер соты: Бір күдікті ғана тағылған айыпты ішінара мойындады

Сотта екі сотталушыдан жауап алынды. Біреуі жауап бермеді


26/12/2022
16:07 28263 0

Талдықорғанда Қанды Қаңтарда «ұсталғандарды азаптады» деп айыпталған бес полицейдің ісінде күдіктілерден жауап алу жалғасуда. Судья Бекмұрат Дүйсенбеков журналистерге процесті фото-видеоға түсіруге, аудиоға жазуға рұқсат бермеді. Жәбірленуші Жансерік Тұралықовтың адвокаты Әсем Түсіпованың өтінішінен кейін судья БАҚ өкілдеріне залда қалып, сотталушылардың жауабын тыңдауға рұқсат етті. 

 

26 желтоқсанда өткен сот отырысында судья екі күдікті С Тоқташ пен Е Жұмашевты тыңдады (олардың жауабын заң талабына сай жариялай алмаймыз –ред). Жұмашев тағылған айыпты ішінара мойындады. Айдын Кенжебаев ауырып, ем қабылдап жүргеніне байланысты бүгін жауап бере алмайтынын, келесі процесте жауап беретінін айтты. 

 

Бұған дейінгі сот отырысында айыпталушы Алмас Боқанов пен Жанбақыт Нұртаза жауап берген. 

 

23 желтоқсанда өткен сот отырысында айыпталушылар мен олардың қорғаушылары сотталушылар жауап беретін уақытта журналистерді залдан шығарып жіберуді сұраған. Судья Бекмұрат Дүйсенбеков өтінішті қанағаттандырған.

 

Келесі сот отырысы 30 желтоқсанға қалдырылды...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

26/12/2022 16:07
28263 0

Уведомление