Азаматтық белсенді Макс Боқаев түрмеден шықты

Ол жер митиңіне қатысқаны үшін қамалған еді


04/02/2021
10:31 47159 0

Фото: Жанболат Мамайдың Facebook парақшасынан

 

4 ақпанда жер митиңіне қатысқан Макс Боқаев түрмеден шықты. Мұны тіркелмеген Демпартия жетекшісі Жанболат Мамай Facebook-те хабарлады. 

 

— Қазақстандағы халықтың қолдауына, халықаралық ұйымдарға рақмет айтқым келеді. Халық қолдауы болмаса, мені жоқ қылып жіберетін еді. Сүйегімді таба алмайтын едіңдер. Рақмет сол үшін! Жағдайды теледидар, радио-газеттен қарап отырмын ғой. Назарбаев тақтан кетсе де, 5 миллиметр өзгеріс бар деуге болады. Бірақ алып бара жатқан өзгеріс жоқ. Сондықтан ары қарай қоғамдық жұмыспен айналыса беремін, — деген Боқаев журналистерге.

 

Макс Боқаев 2016 жылы жер митиңіне қатысқаны үшін «бейбіт жиналыс өткізу тәртібін бұзды», «әлеуметтегі араздықты қоздырды», «әдейі жалған ақпарат таратты» деген айыптармен бес жылға бас бостандығынан айырылған еді. Дәл осындай айыптармен бес жылға Талғат Аян да түрмеге қамалды. Бірақ ол 2018 жылы өзін ерте шығаруын өтініп, босап шықты. Боқаев мұндай өтініш жазбаймын деген. 

 

Халықаралық және жергілікті құқық қорғаушылар Боқаевты саяси тұтқын деп, бірнеше рет биліктен оны босатуын талап етті. Саяси тұтқын кім екенін, оның басқа тұтқындардан қандай айырмашлығы барын мына жерден оқыңыз. 

 

2016 жылы Қазақстанның бірнеше қаласында халық Жер кодексіндегі өзгертулерге қарсы болып, көшеге шықты. Әртүрлі дерек бойынша оған 2 мыңға жуық адам жиналған. Жер митиңіне не түрткі болды, нәтиже шықты ма — жауабын мына жерден оқыңыз. 

Поделиться

Нет комментариев.

04/02/2021 10:31
47159 0

Уведомление