Қазақ самурайы: Арон Атабектің өлеңдер жинағы шықты

Оған ақынның сайтында жарияланған туындылар кірген


11/10/2021
11:38 38208 0

Фото: azattyq.org

 

10 қазанда ақын, оппозиционер, жақында бостандыққа шыққан Арон Атабектің «Поэт-бунтарь, казахский самурай» деген өлеңдер жинағы шықты. Туынды 500 дана болып шықты дейді «Азатттық радиосы». 

 

Кітапқа тіркелмеген «Атажұрт» қозғалысы қолдау болған. Жинақты құрастырғандардың бірі, оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин ақынның сайтында жарияланған өлеңдерді басып шығарған. Атабек оларды түрмеде отырғанда және одан бұрын жазған. Қуанышәлиннің сөзінше, ол Шаңырақ оқиғасын тілге тиек етіп, «халық игілігін талан-таражға салған билік диктатура орнатып, мәңгі билеп-төстегісі келетінін» сынаған.

 

Кітаптан түскен ақша Арон Атабекке қолдау ретінде оның қарындасының шотына аударылмақ. 

 

1 қазанда Павлодар соты Атабекке бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, түрмеден шығарды. Оған ақынның айықпас дертке шалдыққаны түрткі болған

Атабек 2006 жылы Шаңырақ оқиғасында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп 18 жылға сотталған еді.  Құқық қорғаушылар оны кінәсіз, саяси тұтқын дейді. 

Жақында олар президент тұтқынға рақымшылық жасасын деп петиция ұйымдастырған еді. Оған бес күнде 2,5 мың адам қол қойды. 

Атабек мерзімінен бұрын босап шығуға өтініш жазудан бас тартқан еді. «Бұлай істетесем, кінәні мойындаған болам» деді.

Арон Атабек кім, Шаңырақ оқиғасы не екенін мына жерден, ал саяси тұтқынның жай тұтқыннан не айырмашылығы барын мына жерден біліңіз.

Поделиться

Нет комментариев.

11/10/2021 11:38
38208 0

Уведомление