Қайрат Сатыбалды Алматыдан Нұр-Сұлтанға жеке ұшақпен жеткізіледі

Қамаудағы Қайрат Сатыбалды астанаға ауыстырылады


14/03/2022
10:07 30958 0

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыны Алматыдан Нұр-Сұлтанға jet Cessna 525 жеке ұшағымен алып бармақ. 

 

КазТАГ басылымының мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласына борттық нөмірі UPCS301

«jet Cessna 525» ұшағы келіп қонған. Осы ұшақпен Қайрат Сатыбалдыны Алматыдан астанаға алып келеді деген болжам бар. 

 

13 наурызда Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдының «Қазақтелеком» АҚ-ның қомақты қаржысын жымқырды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен ұсталғанын мәлімдеген. Қазіргі уақытта Сатыбалды уақытша тергеу изоляторына қамалған.

Поделиться

Нет комментариев.

14/03/2022 10:07
30958 0

Уведомление