Қайрат Боранбаев сотта соңғы сөзін айтты

Прокурор оны 8 жылға соттауды сұраған


31/03/2023
13:01 19781 0

Фото: Ашық дереккөзден

Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаев сотта соңғы сөзін айтты. Оған бүгін сот үкімі шығады. 

Боранбаев соңғы сөзінде «Qazaq Gaz» компаниясына келтірген шығынды толық өтегенін айтып, соттан әділ шешім шығаруды сұрады. Үкім 31 наурыз кешкі сағат 17:00-де оқылады. Бұған дейін прокурор оны 8 жылға соттауды сұраған. 

– Qazaq Gaz шынымен зиян келтірді деп есептесе, онда мен тергеу кезінде тапқан табысымды қайтаруға дайынмын. Қазір залал жоқ, ол толық көлемде өтелді. Мен заңды шешім қабылдаймын деп үміттенемін, – деді ол.

 

Қайрат Боранбаевқа «QazaqGaz» ұлттық компаниясының газын сату кезінде 14, 5 миллиард теңге қаржы жымқырды деген айып тағылған. Ол кінәсін мойындамаса да мемлекетке аталмыш қаржыны қайтарып берген. Оның қорғаушылары қайтарылған қаржыны «тергеу кезінде анықталған даулы сомма» деп атаған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

31/03/2023 13:01
19781 0

Уведомление