Популярные тэги

Аяздың күшеюі, Трамптың «жеке өтінуі»: Украина мен Ресей қандай бітімге келді

Украина мен Ресей энергетика нысандарына соққы беруді уақытша тоқтату жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Masa media.


30/01/2026
09:50 30 0

Фото: AP

 

Зеленскийдің мәлімдемесі

 

 

Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресеймен ішінара бітім жасалған. Тараптар энергетика саласына қатысты уақытша бітім туралы келісімге келген. Зеленский бұл уағдаластық Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен келіссөздер барысында жасалғанын атап өтті.

 

 

Әңгіме аяз кезеңінде әрекет етуі тиіс «энергетикалық бітім» туралы. Украина президентінің, келісімге қол жеткізуде АҚШ-тың араағайындық күш-жігері шешуші рөл атқарған.

 

 

Айта кетейік, бұған дейін Украина президенті АҚШ-қа алғыс білдірген:

 

 

«Энергетикаға жасалатын соққыларды тоқтату жолындағы күш-жігері үшін Америкаға рақмет. Біз Америка Құрама Штаттары бұған қол жеткізе алады деп үміттенеміз. Бүгін АҚШ президентінің мәлімдемесі болады. Бүгін кешке және алдағы күндері жағдай — біздің энергия нысандарымыздағы және қалаларымыздағы нақты ахуал — істің қалай өрбитінін көрсетеді», - деп жазды ол Telegram-арнасында.

 

 

Зеленскийдің сөзінше, алдағы күндер тараптардың қол жеткізілген келісімді қаншалықты сақтайтынын көрсетпек. Киев соққыларға берілген үзіліс экстремалды температура жағдайында ахуалды тұрақтандырып, елдің энергожүйесіне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді деп сенеді.

 

 

Трамп қандай өтініш жасады?

 

 

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйдегі министрлер кабинетінің отырысында Ресей президенті Владимир Путинге қатты аязға байланысты Киевке және Украинаның басқа қалаларына соққыларды бір аптаға тоқтата тұру туралы жеке өтінгенін мәлімдеді.

 

 

 «Қатты аяздың салдарынан және олар біз сияқты жағдайда болғандықтан, президент Путиннен бір апта бойы Киев пен басқа қалалар мен елді мекендерге оқ жаудырмауын сұрадым. Бұл жай ғана суық емес. Бұл ерекше суық. Онда да рекордтық аяз бар», – деді Трамп Ақ үйдің YouTube арнасынан көрсетілген отырыста.

 

 

Американдық көшбасшының айтуынша, Путин оның өтінішін орындауға келіскен. Бұл ақпаратқа қатысты Ресей тарапынан ресми мәлімдеме болған жоқ.

Поделиться

Нет комментариев.

30/01/2026 09:50
30 0

Уведомление