Атырауда Қаңтарда тергеуге алынған журналист соққыға жығылды

Компьютерлік томография Виртинскаяның мұрынының сынғанын анықтаған


20/07/2022
14:24 31234 0

Атырауда «Дорожный контроль» ақпараттық порталының қызметкерді Олеся Виртинская соққыға жығылды. Бұл жөнінде «Әділ сөз» баспасөзді қорғау ұйымы хабарлады. 

 

19 шілде күні Виртинская үйінен шыққан уақытта белгісі жігіт көмек сұраған. Кейіннен соққыға жыққан. Журналисті көшеде кетіп бара жатқан адам арашалап алған. Компьютерлік томография Виртинскаяның мұрынының сынғанын анықтаған. Ол полицияға шағым түсірген. 

 

«Әділ сөз» ұйымының мәліметінше, Виртинскаяға бірнеше күн бұрын белгісіз нөмірден қоңырау шалынып, қоқан-лоқы жасалған. 

 

– Шабуыл болмай тұрып бірнеше күн бұрын, 16 шілдеде Олесяға белгісіз нөмірден хабарласып, қандай да бір компания мен оның басшысына қатысты "сақ болуға" кеңес берген. Сол күні Олеся прокуратураға өтініш жазып, өзіне қоқан-лоқы жасай бастағанын, өміріне қауіп төнгенін хабарлады, – делінген «Әділ сөз» ұйымы таратқан хабарламада. 

 

13 шілдеде Атырау қаласының полициясы Виртинскаяның үстінен «билік өкілінің талабына бағынбау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Бірақ іс Виртинская прокуратураға қоқан-лоқы бойынша прокуратураға шағым түскеннен кейін тоқтатылған. 

 

– Ол жақта қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Менің ойымша, осының бәрі қаңтардағы мені азаптау мен Атырауда әскери борышын өтеген ақтаулық солдат Медет Амангелдімен байланысты сияқты, – дейдіОлеся Виртинская

 

Атырау облыстық полициясының баспасөз қызметі аталмыш оқиғаға байланысты «бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалғанын хабарлады. «Әділ сөз» ұымы журналистке құқықтық көмек көрсетілгенін мәлімдеді. 

 

Олеся Виртинская бұған дейін Қаңтар оқиғасы кезінде атыраулық «Ақжайық» басылымында «кәсіби міндетін атқарғаны күшін ұсталып, тергеуге алынып, полицияның қоқан-лоқы көрсетіп, қол жұмсағанын» айтқан. Сол уақытта оның үстінен «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Кейіннен құқық бұзу құрамы болмағандықтан іс тоқтатылған.  

Поделиться

Нет комментариев.

20/07/2022 14:24
31234 0

Уведомление