Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова изоляторға қамалды

Пара алды деп күдікке ілінген шенеунік бұрын үйіне қамалған еді


23/12/2021
12:29 37885 0

Фото: kapital.kz

 

Жемқорлық күдігіне ілінген, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова үйқамағынан тергеу изоляторына ауыстырылды. Шенеунік онда сотқа дейін екі ай отырады дейді «Ақ жайық».

 

— Б.Хаменованы қамауға алу туралы Атырау облысының прокуратурасы өтініш берді. Шенеунік тұтқындалып, тергеу изоляторына қамалды, — дейді басылым. 

 

Еске сала кетейік, 10 желтоқсанда Бақытгүл Хаменова айтарлықтай көлемде пара алды (Қылмыстың кодекстің 366-бабы 2-бөлімі) деп ұсталған еді, кейін үйіне қамалды. 

 

Тергеу мәліметіне сенсек, Хаменова мен Атырау облысы мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев Абай ескерткішін орнату туралы келісімшартты бекіту үшін 4,5 миллион теңге пара алған.

 

Хаменова 2020 жылғы наурызда Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Оған дейін Мәжіліс депутаты болды. Шенеунік бұрын астананы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Елбасы деп атау туралы ұсыныс айтқан еді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

23/12/2021 12:29
37885 0

Уведомление