Ақтауда қытайлық компания жұмысшылары Тоқаевқа үндей жасады


11/01/2024
14:37 9959 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

«Великая стена» компаниясының жұмысшылары жалақы өсіруді, жұмыс жағдайын жақсартуды және қызметкерлерді қысқартпауды талап етті. 

 

– Кәсіпорында жұмыс көлемі бола тұра, өз жұмысшыларын қамтамасыз етпей, мердігер компанияларды жалдауда. Енді жұмыс көлемі азайды деп, жұмысшыларды қысқарту жолын қарастырып отыр. Бұл ҚР Еңбек кодексінің 50-бабына қайшы келеді. «Великая стена» бірдей кен орнында, бірдей жұмыс көлемін атқарып жүрген басқа жұмысшылармен айлығы тепе-тең емес. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласының жағдайы төмен, – деп мәлімдеді президент Тоқаевқа жасаған үндейінде жұмысшылар. 

 

Жұмысшылардың сөзінше, ереуіл 5 қаңтарда басталған. Олар президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәселеге араласып, шешуге ықпал етуді сұрады. 

 

Бұдан бөлек, жұмысшылар қызметін дұрыс атқара алмай отырған компания басшылығын жауапқа тарту қажеттігін айтты. 

 

8 қаңтарда әкімдікте мекеме басшылары және кәсіподақ өкілдері арасында кездесу болған. Мекеме басшылары ереуілшілерге «жалақыны өсіру туралы талапты мүлде айтпаңыздар. Ал жұмыс көлемімен қамтамасыз етеміз, бірақ ескі жалақыны ала бересіздер. Еңбек жағдайы бірте-бірте шешіледі» деген.

«Великая стена» ЖШС жұмысшылары Қаламқас, Бозащы, Жетібай кеніштеріне бұрғылау және ұңғымаларды жөндеу жұмыстарын жүргізеді. 

Былтыр мамыр айында «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына қарасты «Жетібаймұнайгаз» өндірістік бірлестігінде дәнекерлеу жұмыстары кезінде «жарылыс» болып, бір жұмысшы қаза тапқан. Ұңғымада «Великая стена»компаниясының бригадасы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Компания сол кезде мұны «қайғылы оқиға» деп атаған. 

Ашық дереккөздерге сүйенсек, «Великая стена» компаниясы 2022 жылы – 2,6 млрд теңге, 2023 – 4,6 млрд теңге салық төлеген.

 

 

 

 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

11/01/2024 14:37
9959 0

Уведомление