Қаңтардағы азаптау ісі: Прокурор ҰҚК қызметкерлерін үш жылдан бес жылға дейін соттауды сұрады


23/11/2023
16:49 11875 0

Көрнекі сурет. Фото: Ашық дереккөзден

 

Алматының Түркісіб аудандық сотында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 11 қызметкерлінің ісі қаралуда. Оларға Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптады деген айып тағылған. Процесс жабық режимде өтуде. 

 

Азаттық радиосының мәліметінше, үш күдікті тергеу изоляторында отыр. Қалғандары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр. Прокурор соттан айыпталушыларды үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған. Іс бойынша 7куә мен 42 жәбірленуші бар. 

 

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған Ербол Өтепбаев 2022 жылдың 7-ші қаңтарында азаптау салдарынан қайтыс болған. Оның досы Асқар Смағұлов та азапталған. Ол іс бойынша жәбірленуші деп танылған. Смағұлов прокурор күдіктілерге жеңіл жаза сұрады және әскерилер жауапқа тартылмады деп есептейді. 

 

– Әскерилерді жауапқа тартқан жоқ. Сот дәлел күдікті анықталмағандықтан іс тоқтатылды дейді. Бірақ балығының түрі белгілі, – дейді ол. 

 

Сот процесі 2023 жылдың 15-ші ақпанында басталған. Күдіктілер 17 қарашада соңғы сөздерін айтуы тиіс болған. 

Поделиться

Нет комментариев.

23/11/2023 16:49
11875 0

Уведомление