Қаңтардан бері ел алдына шықпай кеткен Дариға Назарбаева Айсұлтанды еске алу турниріне қатысты

Дариға Назарбаева 25 ақпанда парламент мәжілісінен кеткен. 2 наурызда оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған


31/08/2022
14:22 23846 0

Қаңтар оқиғасынан кейін ел алдына шықпай кеткен Дариға Назарбаев ұлы Айсұлтан Назарбаевты еске алу шарасына қатысты. 

 

Ктк арнасының хабарлауынша, 29 тамызда Астанада Айсұлтан Назарбаевты еске алуға арналған «AR Cuр – 2022» футбол турнирі өткен. Телеарна көрсеткен сюжетте Қаңтар оқиғасынан бері халық алдына шықпай кеткен Дариға Назарбаеваның жеңімпаздарды марапаттап жатқаны көрсетілген. Бірақ ол турнирге байланысты журналистерге сұхбат бермеген. 

 

Дариға Назарбаева 2ақпанда парламент мәжілісінен кеткен. 2 наурызда оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған. 

 

Айсұлтан Назарбаев 2020 жылы Ұлыбритания астанасы Лондонда қайтыс болған. Ресми ақпарат бойынша жүрегі тоқтап қалған. Ол өмірінің соңғы жылдарында атасы Нұрсұлтан Назарбаевтың маңайындағы адамдарды жиі сынап, өзін Назарбаевтың немересі емес, ұлымын деп мәлімдеген. БАҚ-та оның есірткіге тәуелді екені айтылған. 

 

Ел арасында Ктк телеарнасы Дариға Назарбаеваға тиесілі деген сөз бар. Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде өртенген арна ғимараты әлі күнге дейін жөнделген жоқ. Телеарна редакциясы қазір Хабар арнасының бұрынғы ғимаратында отыр. 

Поделиться

Нет комментариев.

31/08/2022 14:22
23846 0

Уведомление