Қаңтар оқиғасында қаза тапқан бейбіт халықтың несиелері жабылады

Мұны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады


20/01/2022
18:17 37743 0

Фото: zakon.kz

 

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктен қаза тапқан бейбіт жұрттың несиелері жойылады. Мұны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады дейді «ҚазАқпарат». 

 

«Берілген тапсырмаға сәйкес, тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлерге берілетін несиелер есептен шығарылады. Дәл осындай жұмысты агенттік тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан жеке тұлғалардың тізімі бойынша да жүргізеді», — деді агенттіктің тұтынушы құқығын қорғау басқармасының директоры Александр Терентьев баспасөз мәслихатында. 

 

Бұған дейін үш банк — «Сбербанк», HomeCredit и Halyk Bank көз жұмған әскерилер мен полицейлердің несиесін жабатынын хабарлаған еді.

 

Бас прокуратураның дерегіне сенсек, Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанда 225 адам көз жұмды, оның 19-ы — әскерилер. 

Поделиться

Нет комментариев.

20/01/2022 18:17
37743 0

Уведомление