Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталғандар жұрттан көмек сұрады

Олар адвокат, азық-түлік пен дәрі-дәрмек керек дейді


03/02/2022
14:29 32372 0

Фото: voxpopuli.kz

 

Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталғандар жұрттан көмек сұрап хат жазды. Мұны Qantar 2022 еріктілер тобы хабарлайды.

 

Жәрдем сұрағандар Алматының тергеу изоляторларына қамалған, оларға адвокаттар, азық-түлік пен дәрі-дәрмек керек. Алматыда көмек берер туыстарымыз жоқ дейді тұтқындар. 

 

Осы хатты таратуыңызды өтінем. Әлжеліден барлығына жіберіңіз. БҰҰ мен өзгелеріне жүгініңіз. Мынау — қатты жараланғандардың тізімі. Құқық қорғаушыларға жіберіңіз. Бізді тектен-тек ұстап әкетті, — дейді олар.

Хатта мына кісілердің аты мен оларға не қажет екені көрсетілген:

  

  • Рысбаев Салават Рахымғалиұлы, 1988 жылғы. Адвокат қажет.
  • Бешкемпиров Аман Имашұлы, 2000 жылғы, Жамбыл облысы.
  • Транбаев Нұрсұлтан Нуржанұлы, 1990 жылы, Шымкент. Адвокат қажет.
  • Қашғалиев Нұртай Орынғалиұлы, 1991 жылғы, Орал. Адвокат қажет.
  • Мамыров Рысбек, 1975 жылғы, Сарыөзек. Адвокат қажет.
  • Игесенов Рашид, 1973 жылғы. Азық-түлік пен ауырсынуды басатын дәрілер керек.
  • Талғатбеков Азат Болатұлы, 1993 жылғы.
  • Бакиев Дәурен Маратұлы, 1999 жылғы.
  • Даулетжанов Сырым Өнербекұлы, 2002 жылғы.

Бүкіл Қазақстанда қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздіктен кейін мыңдаған адам ұсталды. Құқық қорғаушылар олардың арасында жазықсыздар бар, полиция оларды қылмысты мойнына алсын деп азаптап жатыр дейді. 

 

Бірқатар халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігі қуғын-сүргінді тоқтатсын деп талап қойды. Еуропарламент те Астананы (Нұр-Сұлтанды) сынға алып, ұсталған жұртты азаптауға қатысы бар деген шенеуніктерге санкция салу қажет деп қарар шығарды.  

 

ІІМ хабарына сенсек, жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен 9 900 адам ұсталған, 2 044 қылмыстық іс қозғалған. Бас прокуратура ұсталғандарды азаптау, өлтіру және олардың құқығын бұзу туралы 21 іс қаралып жатыр дейді. 

 

Алматыда кінәсіз ұсталғандарды босатуға арналған «Аманат» комиссиясы құрылған еді. Олардың көмегімен кемі 36 адам босап шықты. 

Поделиться

Нет комментариев.

03/02/2022 14:29
32372 0

Уведомление