Қаңтар оқиғасы туралы ақпарат таратқан журналист 15 тәулікке қамалды

Ол бұған дейін ютуб арнасында қазақстандықтарды кезектен тыс президент сайлауына қарсы митингке шығуға үндеген


13/10/2022
10:56 27005 0

Қазанның 12-і күні Іле аудандық полициясына шақыртылған «Не дейді» ютуб арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрімді Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық соты «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу» (Әкімшілік кодекстің 488 бабының 7 тармағы) бойынша кінәлі деп танып, 15 тәулікке қамады. 

 

Адвокат Ғалым Нұрпейсов сот шешіміне қарсы шағым түсіретінін мәлімдеді. 

 

Ол бұған дейін ютуб арнасында қазақстандықтарды кезектен тыс президент сайлауына қарсы митингке шығуға үндеген. 

 

– Маған ешнәрсе деп түсіндірмеді. Сұрағанымда «сіз өзіңіз біліп тұрсыз ғой» деп жауап берді. Олардың түріне қарап, болжам жасасын деп ойлаған болулары керек. Шүкір, болжам жасай аламын. Біліп отырмын. Қазанның 25-і күні сағат түскі 12:00 Тоқаевтың заңсыз сайлауын тоқтатайық деп Қазақстан халқына алаңға шығайық дедім. Өйтпесек тағы болмайды. Тоқаевтың еститін үкіметі мүле естімейді. Бұл менің ғана шешімім емес, бұл алматылық белсенділердің шешімі. Біз ақылдаса келе осы шешімді қабылдағанбыз, – деді Мұхаммедкәрім Masa.media тілшісіне қамалар алдында.  

 

Думан Мұхаммедкәрім – ютуб арнасында азаматтық қоғам және оппозиция өкілдерімен сұхбат жасап, Қаңтар оқиғасын басынан аяғына дейін көрсетіп жүрген тәуелсіз журналист. Қазіргі уақытта оның «Не дейді» ютуб арнасында 120 мыңнан астам жазылушы бар. 

Поделиться

Нет комментариев.

13/10/2022 10:56
27005 0

Уведомление