Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан отбасының өліміне байланысты сот басталды

Бір ғана әскери қызметкер күдікті деп танылған


20/01/2023
11:09 20392 0

Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғанда оққа ұшып, қаза тапқан отбасының өліміне байланысты сот басталды. 

 

20 қаңтарда Алматы горнизон соты Нұрболат Сейтқұлов пен Алтынай Етаева және 15 жасар қыздары Нұрайдың өліміне байланысты істі қарауды бастады. Іс бойынша бір әскери қызметкерге «билікті асыра пайдалану» бабы бойынша айып тағылған. 

 

Алтынай Етаеваның апайы Салтанат Етаева бұған дейін «Азаттық» радиосына берген сұхбатында оқ тиген үш адамның сау тамтығы қалмағанын айтқан. 

 

– Әбден атқан. Рахаттанып атқан сияқты. Денелерінен түк қалмағаны соншалық, бізге ашып көруге де рұқсат бермеді. Әр адамға мәйітханаға 30 мың теңгеден төлетті. Сонан кейін 10 мыңға салафан сатып алыңдар, өйткені әлі күнге қан ағып жатыр деді. Мынау сұмдық қой! Осы үшін кім жауап береді? Кім кінәлі? Әскери адамдар атқан. Ол жерде ОМОН, "Арлан" және Қапшағайдағы десант әскерінің солдаттары, барлығы сегіз сарбаз болған, – деген Салтанат Етаева. 

Бұған дейін Талдықорғанда оққа ұшып, қаза тапқан 2жастағы Ерназар Қырықбаевқа оқ атқан Марк Злуняев алты жылға сотталған. Оған бастапқыда «адам өлтіру» бабымен іс қозғалған. Кейіннен ол «билікті асыра пайдалану» бабына ауыстырылған. 

Құқық қорғаушылар мен Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың туыстары «адам өліміне» байланысты істердің көпшілігі тоқтатылғанын айтуда.

Поделиться

Нет комментариев.

20/01/2023 11:09
20392 0

Уведомление