Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанда 53 әкімдік ғимараты бүлдірілген
Үкімет қиратылған барлық ғимаратты 20 ақпанға дейін қалпына келтірмек
Фото: news.bigmir.net
Қаңтардағы оқиғада Қазақстанның сегіз аймағында 53 әкімдік ғимараты, орта және шағын кәсіптің 151 нысаны бүлінген. Мұны индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Қайырбек Өскенбаев үкімет отырысында хабарлады.
Ғимараттар қиратылған аймақтар: Алматы, Шымкент, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы.
Министр олардың барлығы биылғы 20 ақпанға дейін жөнделетінін айтты.
2 қаңтарда Қазақстанда Жаңаөзенде басталған газ наразылығының арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты: Алматы мен өзге елді мекендерде әкімдік, бизнес нысандары мен оқу орындары қиратылды, мародёрлар сауда орталықтары мен дүкендерді тонады. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жалпы шығын 95 миллард теңге болды дейді.
12:01
47692
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.