Қаңтар оқиғасы. Азапталған жігіттің анасы прокуратура алдында пикет өткізді

Бақыт Ысқақова ұлы Әділет Мусинді босатуды талап етті


22/10/2022
17:06 24624 0

Қаңтар оқиғасы бойынша қамалып, қыркүйекте азапталғаны хабарланған Әділет Мусиннің анасы Бақыт Ысқақова 22 қазанда Алматы қаласы прокуратурасы алдында жалғыз адамдық пикет өткізді. Ол ұлы Әділет Мусинді босатып, тергеу изоляторында азапталуын тергеуді талап етті. Бұл жөнінде «Азаттық» радиосы хабарлады. 

 

– «Баяғы жартас, сол жартас». Ұлымның қамау мерзімін тағы бір айға созамыз деді. Ұлымның азапталғаны туралы айтсақ, «ой, оның бізге қатысы жоқ, шағым жазыңыздар» деді. Бұған дейін прокуратура шағымызды алып, «өз ішімізде қызметтік тергеу жүргіземіз» деген. Түк өнбей жатыр. Нәтиже жоқ, – деді Бақыт Ысқақова. 

 

«Азаттық» радиосының журналистері сенбі күні Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне хабарласқан, бірақ телефон тұтқасын ешкім көтермеген. 

 

37 жастағы Әділет Мусин «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» деп айыпталып, шілдеде тергеу изоляторына қамалған. Қыркүйекте анасы мекеме қызметкерлерінің оны «ұрып-соққанын» айтып, шағым жазған.

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

22/10/2022 17:06
24624 0

Уведомление