Қаңтар бойынша шығарылған сот үкімдері. Кім, қанша жылға сотталды?

12 «аруақ» сотталған


04/08/2023
13:32 15791 0

 

Қанды Қаңтарда оқиғасы бойынша сот процестерінің жүріп жатқанына бір жарым жылдан асты. Осы уақыт аралығында халыққа оқ атып, ұсталғандарды азаптаған күштік құрылым қызметкерлері мен бейбіт шеруге шыққан азаматтар әртүрлі жылға сотталды. Ұзақ уақыттан бері осы соттарды бақылап келеміз. Сол себепті бүгін осыған дейін шығарылған сот үкімдеріне қысқаша тоқталып кетуді жөн көрдік. 

 

Талдықорған қаласы ҚК 146-баптың 2-бөлігі бойынша сотталған полиция қызметкерлері:

 

·      Айдын Кенжебаев – 4 жылға бас бостандығынан айырылды;

·      Нұртаза Жанбақытұлы – 4 жылға бас бостандығынан айырылды;

·      Сапармұрат Тоқташ – 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды;

·      Ермек Жұмашев – 3 жылға бас бостандығынан айырылды;

·      Алмас Боқанов – 3 жылға бас бостандығынан айырылды;

 

Алматы қаласы ҚК 146-бап 3-бөлігі бойынша сотталған полиция қызметкерлері (апелляция күтуде):

 

·      Аян Елубеков - 10 жылға бас бостандығынан айырылды;

·      Махамбет Шынжырбаев - 10 жылға бас бостандығынан айырылды;

·      Нұрлан Торыбаев – 8 жылға бас бостандығынан айырылды;

·      Ардақ Азимбеков – 8 жылға бас бостандығынан айырылды;

·      Арнат Мирадилов – 5 жылға бас бостандығынан айырылды;

·      Бейбіт Жақыпбаев – 8 жылға бас бостандығынан айырылды;

·      Закир Ибрагимов – 9 жылға бас бостандығынан айырылды;

 

Семей қаласында «Азаптау» және «Билік өкілетін асыра пайдалану» баптары бойынша сотталған полиция қызметкері:

 

·      Айдын Азанбаев – 6 жылға бас бостандығынан айырылды;

 

Семей қаласында «Салғырттық» бабы бойынша айыпталған полиция қызметкерлері:

 

·      Арайлым Ақылбекова – 3 жылға бас бостандығы шектелді;

·      Қайрат Әнуарбеков – 3 жылға бас бостандығы шектелді;

 

Сотталған әскери қызметкерлер (ҚК 451-бап, 2-бөлігі бойынша):

 

·      Марк Злуняев – 6 жылға бас бостандығынан айырылды;

·      Серікбол Мұратхан - 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды;

·      Данияр Егембаев – 7 жылға бас бостандығынан айырылды;

·      Арман Жұман – (соты жүріп жатыр);

 

Талдықорған қаласында азаптау бойынша сотталған ҰҚК қызметкерлері:

 

·      Әнет Байтұрсынов – 10 жылға бас бостандығынан айырылды;

·      Андрей Сорокин - 4 жылға бас бостандығы шектелді;

 

Қаңтар оқиғасы бойынша ұзақ жылға сотталғандар: 

 

·      Ербол Жұманов - 16 жылға бас бостандығынан айырды (Тараз);

·      Нұрсұлтан Исаев - 15 жылға бас бостандығынан айырды (Ақтөбе);

·      Қазбек Құдайбергенов - 16 жыл, 6 айға бас бостандығынан айырды (Қызылорда);

·      Ғабит Піржанов - 16 жылға бас бостандығынан айырды (Қызылорда);

·      Айгерім Тлеужан (қыз бала) - 4 жылға бас бостандығынан айырды (Алматы);

·      Қалас Нұрпейісов – 8 жылға бас бостандығынан айырды (Алматы);

·      Нұрлан Дәлібаев – 8 жылға бас бостандығынан айырды (Алматы);

·      Ермұхамет Шилібаев – 8 жылға бас бостандығынан айырды (Алматы);

·      Жанайдар Кәрменов – 8 жылға бас бостандығынан айырды (Алматы);

 

Қаңтарда оққа ұшып, қаза тапса да сот кінәлі деп танып, қайтыс болуына байланысты жазадан босатылғандар:

 

·      Думан Қанатбек (Алматы);

·      Серік Керімов (Алматы);

·      Қанат Әубәкіров (Алматы);

·      Нұрболат Қасымжанов (Алматы);

·      Аслан Уәлиев (Алматы);

·      Шыңғыс Тастанбеков (Алматы);

·      Ержан Байжанов (Тараз);

·      Райс Рысбеков (Тараз);

·      Тоқтар Ошақбай (Тараз);

·      Исатай Донбаев (Тараз);

·      Нұрсұлтан Қуатбаев (Тараз);

·      Фархат Омаров (Қызылорда);

 

Ресми дерек бойынша Қаңтар оқиғасы кезінде 238 адам қаза тапқан. Тәуелсіз құқық қорғау ұйымдарының мәліметінше, 10 мыңға жуық адам ұсталып, оның 7 мыңы азапталған. Бірақ «Азаптау» бойынша істердің басым көпшілігі қысқартылып, тоқтатылған. Қаңтарға қатысты өзге істер әлі жалғасып жатыр.

Поделиться

Нет комментариев.

04/08/2023 13:32
15791 0

Уведомление