«Атқан адамдарды жауапқа тартып жатқан жоқ»: Қаңтарда оққа ұшқын 4 жасар Айкөркемнің ісі сотқа берілмек

Айда Балаева «сендерге өтемақы төленді, пәтер берілді, сонымен тыныш отырсаңдаршы» дегендей жауап берді


15/02/2023
16:59 3072 0

Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшып, қаза тапқан төрт жасар Айкөркем Мелдеханның ісі бойынша тергеу аяқталды. Іс сотқа «билік өкілетін асыра пайдалану» бабымен сотқа жіберілмек. 

 

Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдехан Masa Media тілшісіне істің бұл баппен тергелгеніне және атқан адамдардың күдікті деп танылмағанына қарсы екенін айтты. Оның сөзінше, екі апта бұрын наразылығын білдіріп прокуратураға арыз жазған. Бірақ әлі күнге дейін ешқандай жауап келмеген.

 

– Кеше адвокатыма хабарлама келді. Онда «келіп танысыңдар, іс сотқа кетеді» делінген. Іс 451-бап (билік өкілетін асыра пайдалану) бойынша сотқа кетіп жатыр. Онда бір ғана адам күдікті деп танылған. Атқан адамдардың ешқайсысын жауапкершілікке тартып жатқан жоқ. Біз әскери прокуратураға, бас прокуратураға, президент әкімшілігіне де «келіспейміз» деп арыз жазғанбыз. Оған әлі жауап берген жоқ. Істі сотқа жіберіп жатыр, – деді Мелдехан. 

 

Айдос Мелдехан президент әкімшілігі басшысының орынбасары Айда Балаеваның Іnstagram желісінде «мемлекеттен көмек берілді» деп жауап бергенін айтты. 

 

– Мемлекет басында көмектесті. Сосын болды ғой, ұмытып кетті. Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Айда Балаеваның маған Instagram-да жазған жауабы бар. Ол жерде ол кісі «сендерге өтемақы төленді, пәтер берілді, сонымен тыныш отырсаңдаршы» дегендей жауап берді. Сомен жоқ болды, – деді ол. 

 

Айдос Мелдехан Айда Балаеваның смс хатының скриншотын да ұсынды. Онда Балаева Мелдеханның өтінішіне наурыз айының төрті күні жауап берген.

 

– Менің арқамда сіздерге 3 бөлмелі пәтер берді. Қазір онда сіздердің өтініштеріңіз бойынша жөндеу жұмыстарын жасап жатыр. Машинаға өтемақы алғыларыңыз келді, екі күн бұрын жүріп тұрған көлің сатып алдыңыздар. Аудан әкімі оның айлық қарызын төледі. Бұл заңдық мәселелерге байланысты жасалып жатқан қарапайым көмектерді қоспағанда. Бұның барлығы әкімнің есебі бойынша, – деген скриншотта жазылған смс хатта ол. 

 

 

 

 

Мелдехан Айкөркемнің ісі бойынша шағымдану үшін бала-шағамды шетелге жіберуім керек дейді. Ол отбасына қысым жасалады деп қауіптенетінін айтты. 

 

Бастапқыда Айкөркемнің ісі «Адам өлтіру» бабымен қозғалған. Кейіннен ол бап «билік өкілетін асыра пайдалану» бабына ауыстырылған. 

 

Айдос Мелдехан бұған қызының бас сүйегін полиция қызметкерлері жоғалтып жібергенін айтқан. Оның сөзінше, бас сүйек сол күйі табылмаған.  

 

– Бас сүйекті де, оны жоғалтқан адамдарды да тауып берген жоқ, – деді ол

 

Төрт жасар Айкөркем Мелдехан былтыр 7 қаңтарда Алматыда дүкен іздеген жақындарына ілесіп жүрген кезде оққа ұшқан. Оның 16 жастағы әпкесі жараланып, ақпанда ауруханадан шыққан. Көлікке кім оқ атқаны әлі күнге дейін белгісіз. Балалардың әкесі бұған дейін көліктен әскери оқ тапқанын хабарлаған.

Поделиться

Нет комментариев.

15/02/2023 16:59
3072 0

Уведомление