Астанада Назарбаев ескерткіші алынып тасталды


12/01/2024
14:46 4902 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Астана қаласындағы тұңғыш президент атындағы ұлттық қорғаныс университеті алдында орнатылған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды. Бұл жөнінде El media телеграм арнасы хабарлады. 

 

Басылым мәліметінше, ескерткіш қаңтардың 11-інен 12-іне қараған түні алынып тасталған. Оны университеттің кезекші офицері де растаған. Бірақ ол ескерткіштің қашан алынып тасталғанын нақты айта алмаған. 

 

Бұған дейін әлеуметтік желіде қар басқан Назарбаев ескерткішінің қоймада жатқаны бейнеленген сурет тараған. 

 

Ескерткішті 2020 жылы Назарбаевтың 80 жылдығы қарсаңында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ашқан. 

 

2022 жылы Қанды Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорған қаласында наразы халық Назарбаевтың ескерткішін құлатқан. Оның тұғыры әлі күнге дейін орнында тұр. 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

12/01/2024 14:46
4902 0

Уведомление