Астанаға келушілердің саны заңмен шектелмек

Әкімдік арнайы заң әзірлеуде


29/08/2023
13:03 15058 0

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың сөзінше, Астанада халық санының өсуіне байланысты қала әкімдігі көшіп келушілерге шектеу қою бойынша заң жобасын әзірлеуде. 

 

– Қазір Астана қаласында бір миллионнан аса адам тұрып жатыр. Бұрынғы Ақмола қаласы 300 мың адамға ғана есептелген. Жастар оқуға келіп жатыр. Жұмыс орындары ашылуда. Қазіргі инфрақұрылым халыққа мүмкіндік бермей жатыр. Егер Астананың көлемі кеңейіп, мүмкіндіктер жасалса, әлеуметтік инфрақұрылым салынса, онда ашуға болады. Қазір осындай шешім қабылдауға тура келіп тұр. Заң жобасын елорда әкімдігі дайындап жатыр, – деді ол. 

 

Тамара Дүйсенованың айтуынша, заң қабылданған жағдайда жұмыс беруші адамдарды қызметке шақырмас бұрын үймен қамтамасыз етуі тиіс. 

 

– Оқуға және жұмыс істеуге келгендер бар. Мысалы, жұмыс берушілер оларды жұмысқа шақырып, үймен немесе жатақханамен қамтамасыз етсе, шектеу болмайды. Сіз Астанада емделгіңіз, серуендегіңіз келсе, оған ешқандай шектеу жоқ. Қайталап айтамын, егер жұмысы болып, оған қажет жағдай жасалса, оған ешқандай кедергі болмайды, – дейді Дүйсенова.

Поделиться

Нет комментариев.

29/08/2023 13:03
15058 0

Уведомление