Астана мен Вашингтон арасында келіспеушілік бар

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм мәлімдеме жасады


15/01/2024
13:48 4719 0

Фото: Ақорда

 

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм Каспий саясаты орталығында өткен жиында Астана мен Вашингтон қарым-қатынасы жөнінде мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, Қазақстан мен АҚШ арасында саяси тұтқындар, елдегі саяси бәсекелестік және адам құқығы мәселесінде ұстанымдар қайшылығы бар. 

 

– Шындығын айтқанда, бізде бір ғана салада көзқарастар қайшылығы бар. Бұл саяси бәсекелестік, саяси плюрализм, сосын, оппозициялық ұстанымдағы адамдар мәселесі. Бұл адамдардың кейбірі қазір түрмеде отыр. Қазақстандағы саяси тұтқындар тізімін жасайтын адам құқығын қорғау ұйымдары бар. Мен 2022 жылы қараша-желтоқсан айларында келгенімде тізімде жеті адам болған және олардың саны азайып келе жатқан. Қазір олардың саны 23 және ол жақсы тенденция емес. Мен бұл жөнінде президентпен (Қасым-Жомарт Тоқаевпен – ред) кездесуде ашық айтқанмын, – деді Розенблюм. 

 

3 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында елде «саяси тұтқын» жоқ екенін айтқан. Ол азаматтарды саяси көзқарасы үшін қудалайтын ешқандай механизм жоғын алға тартқан. Бірақ құқық қорғаушылар мен азаматтық қоғам өкілдері билік оппозициялық көзқарастағы азаматтарға қарсы «экстремизмді қаржыландыру» және «тыйым салынған ұйым жұмысына араласу» баптарын пайдаланатынын жиі айтады. Соңғы уақыттары істі болып, сотталып жатқан азаматтарға осы бап бойынша айып тағылған. 

 

Марафоншы, саяси белсенді, тіркелмеген «Алға, Қазақстан» оппозициялық партиясының жетекшісі Марат Жыланбаев осы айып бойынша жеті жылға сотталған. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

15/01/2024 13:48
4719 0

Уведомление