Астана белсенділері Кіші Талдыкөлді қорғау туралы тағы бір петиция ұйымдастырды

Олардың сөзінше, онда тұрғын үй не басқа да объект салуға болмайды


16/08/2021
12:03 41431 0

Фото: vlast.kz

 

15 тамызда SOS.Taldykol бастамасы астанадағы Кіші Талдыкөл көлдер тобын сақтап қалу туралы тағы бір петиция ұйымдастырды

 

«Нұр-Сұлтандағы Есіл ауданындағы бірегей табиғи сулы-батпақты алқап — Кіші Талдыкөл көлдер тобына жойылып кету қаупі төніп тұр, тіпті кей бөлігі құрғатылып, үстінен құрылыс жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр. 

 

Елорда әкімшілігі соңғы 12 айда бұл шұғыл мәселені шеше алмайтынын көрсетті. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл мәселеден хабардар, алайда мәселені шешуге ықпал ете алмай отыр», — делінген президентке арналған жолдауда. 

 

Белсенділердің сөзінше, қала әкімдігі онда тұрғын үйлер мен бизнес орталықтарын салмақ. Құрылысқа дайындық жұмыстары басталып кеткен. 

 

Бастама құрылыс сол жердің экожүйесіне зиянын тигізеді дейді. 

 

«Кіші Талдыкөл мен оның қасындағы жерлердің экология жүйесі қалыптасып қойған. Көлді Халықаралық табиғатты қорғау одағының қызыл тізімне кірген сирек кездесетін құстар мекендейді».

 

Олар президентке үш талап қойып отыр: 

 

  • Әкімдіктің Кіші Талдыкөлді су қорынан елді мекен жерлері санатына ауыстыру туралы шешімін жою. Көлдер тобына су объектісі деген мәртебе беріп, елдің су кадастрына енгізу; 
  • Көлдер тобын қорғау туралы қандай да бір шешім шыққанша онда құрылыс жасауға мораторий жариялау;
  • Кіші Талдыкөлді жоспарланып отырған парктің шекарасына қосу.
Поделиться

Нет комментариев.

16/08/2021 12:03
41431 0

Уведомление