Астана, Алматы мен Ақтөбеде адам құқығына арналған фестиваль өтеді

Қатысу тегін


30/11/2020
10:47 47756 0

Фото: soc-otvet.ru

 

Қазақстан жастарының ақпарат қызметі 4–12 желтоқсан аралығында 10 желтоқсан — Адам құқықтары күніне арнап фестиваль өтікізеді. Шаралар Нұр-Сұлтан (Астана), Алматы мен Ақтөбеде өтеді. Қатысу тегін. 

 

Фестиваль кестесі мынадай: 

 

4–6 желтоқсан — астанада (орысша), Алматы (орысша) мен Ақтөбеде (қазақша) адам құқықтарына кіріспе сабақ өтеді. Оған мына жерден тіркелу керек. 

 

5 желтоқсан (Алматы) — сарапшылармен адам құқығы туралы әңгімелесу. 

 

8 желтоқсан —  «Нам здесь жить» фильмінің презентациясы. Онда құқық қорғаушылар мен белсенділер пандемия кезінде адам құқығын қалай қорғағанын айтып береді. 

 

10 желтоқсан (Алматы) — Адам құқықтары мектебінің бесінші жыл түлектерінің жобасын таныстыру, құқық қорғау тақырыбындағы үстел ойыны мен суретші Мұрат Ділмановтың «Писающий полицейский» инсталляциясын көрсету. 

 

12 желтоқсан (Алматы) — Human rights art — оған қатысушылар құқық қорғау туралы сурет салады.  

 

5–12 желтоқсанда өтетін шараларға мына жерден жазылуға болады. Қатысушы саны шектеулі. Фестивальдің нақты мекенжайын ұйымдастырушылар өзі хабарласып айтады.

Поделиться

Нет комментариев.

30/11/2020 10:47
47756 0

Уведомление