АҚШ Украинаға әуе қорғанысы жүйесін береді

10 қаңтарда Ресей Украина жерлерін зымыранмен атқылаған. Салдарынан 14 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған


11/10/2022
11:01 21954 0

Вашингтон Киевке қазіргі заманғы әуе қорғанысы жүйесін береді. Бұл жөнінде Ақ үй хабарлады. 

 

Ақ үй мәліметінше, АҚШ президенті Джо Байден Украина басшысы Владимир Зеленскиймен сөйлесу барысында Киевке заманауи әуе қорғанысы жүйесін беретінін айтқан. 

 

10 қазанда Ресей Украина жерлерін зымыранмен атқылаған. Салдарынан 14 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған. 

 

Ақпан айында Ресей Украинаға басып кіргелі бері АҚШ Киевке 17 миллиард доллар қаржылай көмек беріп, Мәскеуге санкция салған. 

Поделиться

Нет комментариев.

11/10/2022 11:01
21954 0

Уведомление