Популярные тэги

АҚШ-тың бірінші ханымы туралы фильм ОАР-да көрсетілімнен алынды

Оңтүстік Африка Республикасында АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп туралы фильм тұсаукесерге бірер күн қалғанда көрсетілімнен алынды.


29/01/2026
09:09 114 0

«Соңғы жағдайларға» байланысты...

 

News24-тің жазуынша, дистрибьютор фильмді көрсетілімнен алу туралы шешім неліктен қабылдағанын түсіндірмеген.

 

«Оңтүстікафрикалық дистибьютор Filmfinity және Nu Metro және Ster-Kinekor кинотеатрлар желісінің «Мелания» фильмін аяқ астынан көрсетілімнен алып тастады», - делінген басылымда.

 

Filmfinity фильм соңғы жағдайларға байланысты көрсетілмейтінін мәлімдеген. Алайда нақты нені меңзеп тұрғанын тарқатып айтпаған.

 

75 млн доллардың туындысы

 

Фильмнің әлемдік премьерасы 30 қаңтарға жоспарланған.

 

Бұған дейін АҚШ-тың National Research Group (NRG) зерттеу компаниясының деректеріне сілтеме жасай отырып Puck медиа компаниясы АҚШ президентінің әйелі туралы фильм АҚШ пен Канадада прокаттың алғашқы аптасында 5 млн доллар жинауы мүмкін екенін жазған.

Деректі фильмнің жалпы бюджеті – 75 миллион доллар. Туындыны Amazon MGM Studios түсірген.

Поделиться

Нет комментариев.

29/01/2026 09:09
114 0

Уведомление