АҚШ-та оқушы Хитлер сияқты киініп, оның атынан сөз сөйлеген

Оқушының мұғалімі мен мектеп директоры жұмыстан уақытша босатылды


08/06/2021
11:20 42126 0

Фото: foxnews.com

 

Нью-Жерсидегі бесінші сынып оқушысы Адольф Хитлер сияқты киініп, сыныптастары алдында оның атынан «Жетістік» деген эссе оқыған. Мұны TJ хабарлады

 

— Менің басты жетістігім — мыңдаған неміс пен аустриялықты қол астыма біріктіре алғаным (…) Мен ұлы болдым ғой, солай емес пе? Мен танымал болдым, халық артымнан ерді. Антисемитизмге деген сенімім алты миллион жебірейді өлтіруіме түрткі болды, — делінген эсседе. 

 

Оқушы мұны мұғалімі берген тапсырмасы аясында жазған екен. Оқытушы балаларға белгілі бір тарихи тұлға атынан сөйлеуді тапсырған. 

 

Оқушының эссе оқыған видеосы бүкіл мектепке көрсетілген, кейін Facebook-қа жарияланған. 

 

Жергілікті білім бөлімі мектеп директоры мен мұғалімді жұмыстан уақытшы босатқан. Жұмыстан қуыла ма, жоқ па, тергеу біткенде белгілі болады.

Поделиться

Нет комментариев.

08/06/2021 11:20
42126 0

Уведомление