Қаржы министрлігі экономикадағы ұйымдасқан қылмыс рекорд көрсеткішке жеткенін хабарлады

Сегіз айда ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 44 іс қозғалған


22/09/2020
12:39 47871 0

Фото: dailynews.kz

 

Жыл басынан бері экономикалық тергеу қызметі 1 394 қылмыстық іс қозғаған. Vласть мұны Қаржы министрлігінің қаржыны бақылау комитетінің басшысы Жанат Элиманов хабарлады деп жазды

 

— Экономикалық тергеу қызметі бүгінге дейін 1 394 қылмыстық іс қозғады. Оның жартысынан астамы — ауыр және аса ауыр қылмыстар. Біз экономикалық қылмыстың ұйымдасқан түрін жиі анықтай бастадық. Кейінгі сегіз айдың өзінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың жетекшілері мен мүшелеріне қатысты 44 қылмыстық іс қозғадық. Бұл — кейінгі бес жылдағы рекорд көрсеткіш, — деді Элиманов. 

 

Оның айтуынша, сонымен бірге қылмысқа қатысы болуы мүмкін тағы 60 топ анықталған. Олар ақшаны қолма-қолға айналдыру үшін 1 200 компания құрған, бұлардың жалпы қаржы айналымы 2 триллион теңгеден асады. 

 

Қозғалған істер бойынша 98 адам күдікке ілініп, оның 28-і изоляторға, 29-і үйіне қамауға алынды. 

 

Қаржыны бақылау комитеті мемлекеттік сатып алудың 90-нан астам «сенімсіз» жеңімпазын да анықтады, олар бір күндік фирмалармен 63 миллиард теңгеге өзара есеп айырысқан. 20 қылмыстық іс қозғалды. Арасында бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке қатысты іс те бар. 

 

Заңсыз ойын бизнесі саласында 765 ойын мекемесінің қызметіне тосқауыл қойылды. 22 жасырын казино жойылып, терминал-рулеткасы бар 12 мыңнан астам құрал-жабдық тәркіленді. Жанат Элимановтың айтуынша, қазір Қазақстанның барлық өңірінде заңсыз ойын орындары түгел жабылды.

 

Поделиться

Нет комментариев.

22/09/2020 12:39
47871 0

Уведомление