Арон Атабек қайтыс болды

Ақын 68 жаста еді


25/11/2021
09:22 38598 0

Фото: vlast.kz

 

68 жастағы диссидент, ақын Арон Атабек дүниеден озды. Мұны masa.media-ға оның қызы Айдана Айдархан хабарлады. 

 

Атабек 1 қазанда түрмеден денсаулығына байланысты ерте босап шыққан еді. Бірнеше күн өткеннен кейін коронавирус жұқтырып, ауруханаға жатқызылды. 20 қазанда оның қарындасы ағасы жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады. Дәрігерлер 24 қарашада сағат 20:45-те оның жүрегі тоқтап қалған дейді. 

 

Ақын 2006 жылы Шаңырақ оқиғасында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп 18 жылға сотталған еді.  Құқық қорғаушылар оны кінәсіз, саяси тұтқын дейді. 

 

Павлодар соты Атабекке бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, түрмеден шығарды. Оған ақынның айықпас дертке шалдыққаны түрткі болған.  

 

Арон Атабек кім, Шаңырақ оқиғасы не екенін мына жерден, ал саяси тұтқынның жай тұтқыннан не айырмашылығы барын мына жерден біліңіз.

 

Поделиться

Нет комментариев.

25/11/2021 09:22
38598 0

Уведомление