Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатты


23/02/2024
11:19 3355 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Армения Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүшелігін тоқтатты. Бұл жөнінде France 24 хабарлады. 

 

– Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт, біздің ойымызша, Арменияға қатысты, әсіресе 2021-2022 жылдары орындалмады. Бұл біздің назарымыздан тыс қала алмады. Біз осы шартқа қатысуды тоқтаттық. Әрі қарай не болатынын көрейік, – деді Армения премьер-министрі Никол Пашинян. 

 

Армения аумағындағы Ресей әскери базасын жабу жөніндегі сұраққа Пашинян «әзірге ондай мәселе жоқ» деп жауап берді. 

 

ҰҚШҰ құрамына Армениядан бөлек, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресей кіреді. 

Поделиться

Нет комментариев.

23/02/2024 11:19
3355 0

Уведомление