«Қарабет». Адамдарды үтік басып азаптады деп айыпталған полицейдің әйелі белсендіні сотқа берді

Азамат Батырбековті азаптады деген полиция қызметкерлі Айдын Кенжебаевтың әйелі Марат Жыланбаевтың үстінен арызданған


16/05/2022
11:13 33943 0

Марат Жыланбаев. Фото ашық дереккөзден

 

Қаңтар оқиғасы кезінде Азамат Батырбековті азаптап, денесіне үтік басты деп айыпталған полиция қызметкері Айдын Кенжебаевтың әйелі белгілі желаяқ, саяси белсенді Марат Жыланбаевты сотқа берген. Бұл жөнінде белсенді Instagram желісінде жазды. 

 

— Диктаторлық билік мені қамаудың амалын жасауда. Бүгін менің үйіме іспен таныстыру үшін менттер келді. Менің үстімнен Айдын Кенжебаевтың әйелі арызданыпты. Оның күйеуі диктатордың ескерткішін құлатты деп айыпталған Азамат Батырбековті үтік басып азаптаған. Әлеуметтік желіде мен оның күйеуін «арсыз, қарабет» деп жазғанмын. Ол сөздерімнен бас тартпаймын және өшірмеймін де,  — деген Жыланбаев өз жазбасында.

Поделиться

Нет комментариев.

16/05/2022 11:13
33943 0

Уведомление