Қарағандыда жұмысшылар қарсылығынан кейін фабриканың бір бөлігін бұзу жұмыстары тоқтатылды

Бұзылу жұмыстары сот шешімінен кейін басталған еді


11/09/2020
13:56 47084 0

Фото: Азаттық радиосы

 

Қарағанды облысы прокуратурасы жұмысшылар наразылығынан кейін «KAZ Феррит» көмір байыту зауытының бір бөлігін бұзу жұмыстарын тоқтатты. Бұны Азаттық радиосы хабарлады. 

 

Азаттық журналисінің сөзінше, прокуратура сот шешімін орындаушылардан өндіріс құжаттарын сұрап, заңдылығын тексермек. 

 

Бұрын сот бұл бөлік басқа компанияға тиесілі деп, оны бұзу қажет деген шешім шығарған еді. Оған жүзден астам «KAZ Феррит» жұмысшысы қарсы шықты. Олардың айтуынша, бұзылуға тиіс жерде фабриканың конвейері орналасқан. Егер ол бұзылса, адамдар жұмыссыз қалады. Наразылыққа келген Қарағанды әкімдігі өкілдері дауға себеп болған жер мемлекет меншігіне қайтару қарастырылып жатқанын айтқан еді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

11/09/2020 13:56
47084 0

Уведомление