Қарақалпақ диаспорасының жетекшісі Алматы ауруханасында қайтыс болды


09/01/2024
16:43 10074 0

Суретте Ниетбай Оразбаев. Фото: Азаттық радиосы

9 қаңтарда Маңғыстау облысындағы қарақалпақ диаспорасының жетекшісі Ниетбай Оразбаев Алматы ауруханасында қайтыс болды. Бұл жөнінде Х әлеуметттік желісіндегі парақшасында Ақылбек Мұратбай хабарлады

Оның сөзінше, Оразбаев «Өзбекстанның арнаулы қызметі Ақтаудағы үйінен ұрлап кетуі мүмкін» деп қауіптеніп, кейінгі кезде Алматыдағы қызының үйінде тұрған.

– Ол қатты күйзелді. Ауруханаға барудан сескенді. Жұма күні жағдайы күрт нашарлап, Жедел жәрдем шақырды. Екі күн жансақтау бөлімінде жатты. Таңертең хабарласқанымда жағдайым дұрыс деген. Ол кезде кардиологиия бөлімінде жатыр еді, – деді Мұратбай Азаттық радиосына.

Өзбекстан соты 2022 жылы жаздағы Нөкіс оқиғасынанан соң Оразбаевты 12 жылға сырттай соттаған. Ақылбек Мұратбайдың сөзінше, кейінгі бір жарым жылда Ташкент Оразбаевты Өзбекстанға экстрадициялауды бірнеше рет сұраған.

2022 жылы қазанда Ниетбай Оразбаевқа «Өзбекстанның конституциялық құрылымын күшпен бұзбақ болды»деген айыппен іздеу жариялан. Оразбаев өзіне қарата айтылған айыптарды теріске шығарған.

Поделиться

Нет комментариев.

09/01/2024 16:43
10074 0

Уведомление