Апелляциялық сот Марат Жыланбаевтың үкімін өзгеріссіз қалдырды


19/01/2024
15:22 9579 0

Фото: Orda.kz

 

19 қаңтарда Астана қалалық соты марафоншы, тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясының жетекшісі Марат Жыланбаевтың апелляциялық шағымын қарап, үкімді өзгеріссіз қалдырды. 

 

Бірінші сатыдағы сот оны 7 жылға бас бостандығынан айырған. Оған «тыйым салынған ұйым жұмысына араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» баптары бойынша айып тағылған. Жыланбаев өзіне тағылған айыптарды мойындамаған, істің саяси астары барын айтқан. 

 

Адвокат Бауыржан Азановтың сөзінше, сот онлайн өткен. Процеске Марат Жыланбаевтың өзі қатыстырылмаған. 

 

– Апелляциялық сотқа Жыланбаевтың өзі қатыстырылмады. Процесс бастала салысымен оны сотқа қатыстыру туралы өтініш түсірдік. Алайда судья Ерғалиева өтінішті қанағаттандырмады. Себебін түсіндірмеді, – деді Азанов.

 

Қазақстандық және халықаралық құқық қорғау ұйымдары Марат Жыланбаевты «саяси тұтқын» деп таныған. Еуропарламент 17 қаңтар күнгі қарарында Қазақстан билігін саяси тұтқындарды босатуға үндеп, құжатта Марат Жыланбаевтың да есімін атаған. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

19/01/2024 15:22
9579 0

Уведомление