«Антикор Әбжанға қарсы кімнің тапсырмасын орындап отыр?»

Белсенді Нұрәли Айтеленов журналист Махамбет Әбжанды қолдап пикет өткізді


09/08/2022
13:56 24685 0

Алматыда үш күннен бері блогер, белсенді Нұрәли Айтеленов журналист Махамбет Әбжанды қолдап қалалық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдында жалғыз адамдық пикет өткізуде. Ол Әбжанты бостандыққа шығаруды талап етуде. 

 

– Махамбет Әбжанды кәсіпкерді бопсалады деп айыптауда. Олардың ешқайсысы мемлекеттік қызметкер емес. Не себепті істі жемқорлыққа қарысы іс-қимыл агенттігі қарауда? Бұл тағылған айыптың қисынсыздығына қосымша дәлел болуда, – дейді Айтеленов. 

 

Нұрәли Айтеленов алып шыққан палакатта «Жемқорлыққа батқан антикор тәуелсіз журналист Махамбет Әбжанға қарсы кімнің тапсырмасын орындап отыр?» және «Тәуелсіз журналист Махамбет Әбжанға бостандық!» деген жазу жазылған. 

 

Нұрәли Айтеленов тамыздың 5-інен бері пикетке шығуда. Қалалық әкімдік белсендіге пикет өткізуге рұқсат берген. 

 

Астаналық журналист Махамбет Әбжан шілде айының басында кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалады деген айыппен ұсталған. Жуналистің жақтастары істің саяси астары бар деп есептейді. 

Поделиться

Нет комментариев.

09/08/2022 13:56
24685 0

Уведомление