Қанды Қаңтарда ҰҚШҰ әскері Қазақстанға оқ үлгілерін бермеген

Қаңтар кезінде ресми дерек бойынша 238 адам қаза тапқан


13/12/2023
14:53 6234 0

Фото: istockphoto

 

Қаңтар оқиғасы кезінде елге кіргізілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскері Қазақстанның патрондары гильзотекасына оқ үлгілерін тапсырмаған. Бұл жөнінде Халықаралық құқықтық бастама ұйымының өкілдері хабарлады. 

 

Құқық қорғаушылар 2022 жылдың басында Қорғаныс министрлігіне «ҰҚШҰ әскері оқ үлгілерін заңға сәйкес Қазақстанның патрондар гильзотекасына өткізді ме?» деген сауал жолдаған. Оған ведомсто «өзге келдің әскери қосындары оны өткізуге міндетті емес» деген жауап берген. 

 

Бұдан бөлек, Қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ бітімгерлік әскері келісім бойынша әскери ұрыстарға қатыса алмайтынын мәлімдеген. Олар тек «ерекше жағдайларда ғана қару қолдана алады». 

 

– Мысалы, сізде автомат, тапанша бар делік. Оны сіз Қазақстанға кіргізген уақытта атып, оқ үлгісін патрон гильзотекасына өткізуіңіз керек. Не себепті? Бұл болашақта қару қолданылатын болса, қарудың қайдан шыққанын анықтау үшін қажет. Кімнің қаруы, нөмірі қандай, иесі кім дегендей. Ол қаруды кімнің пайдаланғанын анықтау үшін қажет бұл. Бұл Қазақстанның заңы бойынша міндетті процедура, – дейді құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев. 

 

Оның сөзінше, ҰҚШҰ әскері адам өлтірген болса, онда оны дәлелдеу мүмкін емес. Шорманбаев бұлы «адам өлтіруге берілген лицензия» дейді. 

Поделиться

Нет комментариев.

13/12/2023 14:53
6234 0

Уведомление