Қанды қаңтар: Азаптау бойынша істердің 80 пайызы жабылған

Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің қарауындағы істердің 80 пайызы жабылған


03/11/2022
13:12 24196 0

Қаңтар бойынша азаптау істерінің 80 пайызы жабылған. Бұл жөнінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мәлімдеді. 

 

«Азаттық» радиосының хабарлауынша, Әзімова сыбайлас жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігінің қарауындағы азаптау істері жөнінде айтқан. Омбудсмен бұндай жайтпен келісуге болмайтынын жеткізген. 

 

– Егер азаптау әрекеттері полиция мекемесінде немесе изоляторда болған жағдайда қызметкерлерден басқа осы мекемелерге жауап беретін бастықтары бар. [Солар сұралуы тиіс] Бұл бір. Екіншіден, қандай заңдық механизмдер дұрыс істемеді. [Соны анықтау керек] Себебі Конституцияда азаптауға қарсы нақты ережелер көрсетілген. Соның бәрін қазір біз мәселе ретінде көтеріп отырмыз. Құқықтық органдар бізбен қазіргі уақытта келіспей жатыр. Бірақ бұл сұрақты күн тәртібінен алмаймыз, – деді Әзімова.

 

Қаңтар оқиғасы кезінде және одан кейін қамау орындарында азапталғанын айтып жүздеген адам құқық қорғау органдарына шағымданған. Тергеу изоляторлары мен полиция бөлімшелерінде адамдардың үстіне үтік басып, ыстық су құйып, ұрып-соғып азапталғаны жөнінде ақпараттар тараған. 

 

Қазір Қазақстан бойынша тек бір өңірде – Талдықорған қаласында азаптау бойынша 24 жәбірленушінің арызы сотта қаралып жатыр. Адам азаптаған және тыйым салынған тергеу әдістерін қолданған деген күдікке ілінгендер қызметкерлердің жалпы саны - 15 адам. Бұған дейін жәбірленушілер күдікті полицейлердің өздеріне қоқан-лоқы жасағанын айтқан.

Поделиться

Нет комментариев.

03/11/2022 13:12
24196 0

Уведомление