Қамаудағы журналист Думан Мұхммедкәрімнің денсаулығы нашарлады

Ол изоляторда аштық жариялауда


12/06/2023
13:53 17406 0

 

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы нашарлап, изоляторға екі мәрте жедел жәрдем шақырылған. Бұл жөнінде журналист Данияр Молдабековқа адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлаған. 

 

Адвокаттың сөзінше, Думан Мұхаммедкәрімнің бүйрегі ауырып, денсаулығы нашарлаған. Бірақ келген жедел жәрдем дәрігерлері «барлығы жақсы» деп, оны қамауда қалдырған. 

 

Ол 28 мамырда «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айыппен 25 тәулікке қамалған. Бұл оның 19 наурызда өткен парламент сайлауынан бері төртінші рет қамалуы. Бұған дейін бір рет 15 тәулікке, екі рет 25 тәулікке қамалған. 

 

Думан Мұхаммедкәрімнің үстінен ҚК 405- бабы «тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» және 258-баптың 1-бөлігі «террористік және экстремистік әрекетті қаржыландыру» бойынша іс қозғалған болатын. Адвокат Ғалым Нұрпейісов соңғы қозғалған істің оппозициялық саясаткер, қуғындағы банкир Мұхтар Әбілязовтан алған сұхбатымен байланысты дейді. 

 

Журналист он күннен астам уақыттан бері изоляторда сот шешіміне қарсы аштық жариялап жатыр. Бұған дейін журналистің әкесі Алмаз Тілепов ұлын қолдап, Іле аудандық прокуратурасының алдында аштық жариялаған. Бірақ денсаулығына байланысты аштықты тоқтатуға мәжбүр болған. 

 

«Не дейді?» You Tube арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім билікті қатаң сынайды. Ол 19 наурызда өткен парламент мәжілісі сайлауында өзін-өзі ұсынып, өтпей қалған. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

12/06/2023 13:53
17406 0

Уведомление