Қамаудағы «Oyan, Qazaqstan» белсендісі аштық жариялады

Ермольчева cот шешімімен келіспейді


11/05/2023
15:48 12985 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

«Oyan, Qazaqstan» қозғалысының мүшесі Влада Ермольчева аштық жариялады. Ұйым мәліметінше, 11 мамырда апелляциялық сот өткен және оны 15 тәулікке қамау туралы шешім өзгеріссіз қалған. 

 

Адвокат Талғат Мейірманов сөзінше, белсенді қамаудағы мерзімі біткенше аштық жариялайтынын хабарлаған. Бұған дейін қорғаушы Ермольчеваның сотында көптеген процессуалдық заңсыздықтар болғанын айтқан. 

 

«Oyan, Qazaqstan» белсенділері – Влада Ермольчева мен Дархан Шәріповті сот өткен демелыста «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деп айыптап, 15 тәулікке қамаған. Екі белсенді президент және парламент сайлауына қатысты наразылық акциялары үшін сотталды. Олар тағылған айыппен де, сот шешімімен де келіспейді. 

 

Қазақстанда соңғы бір айда белсенділерді қамау және айыппұл салу жиілеген. Олардың өзі бұны билік тарапынан жасалып жатқан қысым, саяси тапсырыс деп бағалауда. 

 

Поделиться

Нет комментариев.

11/05/2023 15:48
12985 0

Уведомление