«Amanat» партиясы президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

Партия мүшелері Қошановтың ұсынысын бір ауыздан мақұлдады


06/10/2022
12:18 20758 0

«Amanat» партиясы кезектен тыс президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. 

 

– Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда, алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді тұлға керек. Біз өткенге кері қайтпауымыз керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан, президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын! – деді партия төрағасы Ерлан Қошанов.

 

Партия мүшелері Қошановтың ұсынысын бір ауыздан мақұлдады. 

 

Бүгін Астанада «Amanat» партиясының кезектен тыс құрылтайы өтуде. 

 

Бұған дейін президенттікке Тоқаевтың кандидатурасын «Ардагерлер ұйымы» мен «Қазақстан азаматтық альянсы» ұсынған. 

 

Кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. 

Поделиться

Нет комментариев.

06/10/2022 12:18
20758 0

Уведомление