Алматыдағы лай көшкіні: Жоғалған төрт адамның да мәйіті табылды


08/02/2024
13:29 9102 0

Фото: ТЖМ

 

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, лай көшкіні болған аймақта жоғалған төрт адамның да мәйіті табылған. 

 

– Оқиға орнында құтқарушылар 1984 жылы туған ер адамның, 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылы туған екі жас жігіттің денелерін тауып алып шықты, – делінген ТЖМ таратқан мәлімдемеде. 

 

8 ақпан түнгі сағат 2:20 шамасында Алматының Медеу ауданындағы «Тау-Самал» ықшамауданында лай жылжып, екі жеке тұрғын үй қираған. 

 

Оқиға орнына барған әкім Ерболат Досаев ақпарат құралдарына бір үйді лай басып қалғанын, онда көршілерінің сөзінше төрт адам тұрғанын айтқан. 

Поделиться

Нет комментариев.

08/02/2024 13:29
9102 0

Уведомление