Алматыдағы лай көшкіні: Бір адамның мәйіті табылды


08/02/2024
11:31 8844 0

Фото: ТЖМ

 

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, апат болған аймақтан 2007 жылғы ер баланың мәйіті табылған. 

 

– Топырақтың батпақтануына байланысты техногендік сипаттағы лайдың түсуі салдарынан ғимараттың зақымдануы себебінен қаза тапқан алдын ала болжам бойынша 2007 жылғы жас жігіттің денесі табылды, – делінген ТЖМ мәлімдемесінде. 

 

Қазір оқиға орнында іздестіру жұмыстары жалғасуда. Полиция аумақты қоршауға алған. 

 

8 ақпан түнгі сағат 2:20 шамасында Алматының Медеу ауданындағы «Тау-Самал» ықшамауданында лай жылжып, екі жеке тұрғын үйді қираған. 

 

Оқиға орнына барған әкім Ерболат Досаев ақпарат құралдарына бір үйді лай басып қалғанын, онда көршілерінің сөзінше төрт адам тұрғанын айтты. 

Поделиться

Нет комментариев.

08/02/2024 11:31
8844 0

Уведомление