Алматыда жұрт Арон Атабекті ақтық сапарға шығарып салды

Қоштасуға жүздеген адам барды


26/11/2021
12:11 38508 0

Фото: vlast.kz

 

26 қарашада Алматыда жұрт жақында қайтыс болған ақын, саяси тұтқын саналған Арон Атабекті ақтық сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсіміне жүздеген адам келді дейді «Азаттық радиосы». 

 

Ақынның намазы қарындасының үйінде оқылған. Қоштасу рәсіміне оның әріптестері, саясаткерлер мен қоғам белсенділері қатысқан. 

 

Марқұмды туыстары Алматы маңындағы Бағанашыл зиратында жерледі. 

 

Арон Атабек 24 қарашада ауруханада қайтыс болды. Оның алдында коронавирус жұқтырып, жансақтау бөліміне түскен еді. 

 

Ақын 2006 жылы Шаңырақ оқиғасында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп 18 жылға түрмеге қамалды. 15 жылдан кейін, биылғы 1 қазанда Павлодар соты тұтқын емі жоқ ауруға шалдыққан деп түрмеден босатып, бас бостандығын 1 жылға шектеді.

 

Поделиться

Нет комментариев.

26/11/2021 12:11
38508 0

Уведомление