Алматыда жеті бірдей ғимаратқа бомба қойылғаны хабарланды

Алматы жедел қызметі қаладағы жеті нысанға жарылғыш зат қойылғандығы жөнінде хабар алған


31/03/2022
14:14 30549 0

Алматы жедел қызметі қаладағы жеті нысанға жарылғыш зат қойылғандығы жөнінде хабар алған. Бұл жөнінде қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

 

Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек ғимараттарда таңертеңнен бері тексеру жүргізіліп жатқанын, әзірге ешқандай жарылғыш зат табылмағанын айтты. 

 

Қазіргі уақытта жедел қызмет өкілдері ғимараттарды жарылғыш заттың бар, жоғына тексеріп жатыр. Таңертең жеті ғимаратқа бомба қойылғандығы жөнінде ақпарат келіп түсті. Үш ғимарат тексерілді, ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Қалған нысандар тексеруліп жатыр, —деді Салтанат Әзірбек.

Поделиться

Нет комментариев.

31/03/2022 14:14
30549 0

Уведомление