Алматыда «Саясат – әйелдер ісі» феминистік митингі өтті

8 наурызда Алматыда әйелдер феминистік митингі өтті


09/03/2022
10:16 34677 0

8 наурызда Алматыда әйелдер феминистік митингі өтті. Жиынша шамамен 1 мыңға жуық адам қатысты. Халықаралық әйелдер күні өтетін жыл сайынғы митингтің биылғы тақырыбы «Саясат   әйелдер ісі» деп аталды. 

 

 

Жиында сөйлеген спикерлер мен ереуілшілер тұрмыстық зорлық – зомбылық, әйелдердің саясаттағы орны мен рөлі, зейрте жасын 58 жасқа төмендету мәселелерін көтеріп, ұрандатты. 

 

 

Митинг соңында арнайы резолюция қабылданды. Онда әйелдер қауымы мемлекеттік істерге қатысу үшін, кемсітуге қарсы, қауіпсіздік пен бейбітшілік үшін күресетіндері жөнінде айтылған. 

 

Митинг резолюциясы

 

Қазақстанда жүз жылдан аса 1920-жылдары өткен, бізге білім алу мен сайлау құқығын алып берген, қалың мал мен тоқалдықты жойған ұлы әйелдер есімізде, біз оларды мақтан тұтамыз. Қазақстан жерінде алғаш митинг 1907 жылы 18 наурызда өткеніне қуанамыз. Сол кездің өзінде біз көзге түсіп көрініп, өз-өзіміз болып, бос уақытты керегімізге жаратып, өз денемізді сезініп, танып білгіміз келген. Біздің есімізде тек Томирис, Ақбөпе, Нәзипа мен Алма деген ұлы әйелдер ғана емес, істеген ісі болашаққа жетектеген әжелеріміз, аналарымыз, басқа да туыс-туған әйелдер есімізде. Солардың әр қайсысы қазір сіз бен біз жалғап келе жатқан әйел қозғалысына өз үлесін қосып кетті.

 

Бүгін біз мемлекет істерін басқаруға өзіміз қатысу үшін, кемсітуге қарсы, қауіпсіздік үшін, инклюзия мен бейбітшілік үшін күресеміз! Бізге сексизм керек емес, әйел құқығы мен бейбіт жиналыс құқығын бұзуға, кемсітуге, зорлық пен зомбылыққа, жалақы кемдігіне, әртүрлі әйелдердің кемсітілуіне келіспейміз. 

Біз билікті ер адамдардың басып алуын тоқтатуды талап етеміз, олар көп балалы анадан бастап, бүлдіршін жас қызға дейін, еңбекші, ғалым, квир, белсенді болсын - еш бір әйелдің өкілі бола алмайды!

 

Қазір Қазақстан өкіметінде бар болғаны 37 депутат әйел, бір министр әйел, бір әкім әйел ғана бар. Бұлай болмауы керек. Біздің елімізде бәрімізге қауіпсіз жағдай болуы үшін, мемлекеттік шешім қабылдау деңгейінде 50% әйелдер болуы керек. Ол үшін саяси реформа керек.

 

Біз сол реформада елдің 52 пайызын құрайтын әйелдердің саясатқа араласуына жағдай жасалып, орындалуын талап етеміз. Біз сайлау жүйесін реформалап, сайлау әділ әрі таза, барлық билік органдары ашық болуын талап етеміз. Бізге өзіміз сайлаған саяси тұлғалар керек - біз әйелді таңдаймыз. 

Поделиться

Нет комментариев.

09/03/2022 10:16
34677 0

Уведомление