Алматыда оппозициялық топтар митиң өткіземіз деген Республика алаңы жабық тұр

Полиция күзеті күшейді, интернет істеп тұр


16/12/2021
10:52 38005 0

Фото: azattyq.org

 

Алматыда Республика алаңы жабық тұр, полиция күзеті күшейген дейді «Азаттық радиосы». Бірнеше күн бұрын онда тіркелмеген Демократиялық партия мен экстремист деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйымы митиң өткіземіз деп жариялаған еді. 

 

Полиция алаңды Фурманов (Назарбаев) пен Желтоқсан көшелері жағынан жауып тастаған. Журналистер Тәуелсіздік монументінің жанында ресми іс-шара өтіп жатыр дейді. Интернет істеп тұр. 

 

Жыл сайын 16 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше қаласында митиңдер өтеді. Жиылған халық 1986, 2011 жылғы оқиғалар құрбандарын еске алады. Полиция мұндай жиындар заңсыз деп белсенділерді ұстап әкететін, интернетті өшіріп тастайтын.

 

Поделиться

Нет комментариев.

16/12/2021 10:52
38005 0

Уведомление