Алматыда оппозициялық саясаткер, диссидент Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды

Ол жақында инсульт алып, науқастанып ауруханаға түскен


18/05/2023
18:26 16090 0

 

Алматыда оппозициялық саясаткер, диссидент Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды. Ол жақында инсульт алып, науқастанып ауруханаға түскен. 

 

Жасарал Қуанышәлин 16 мамырда Алматыда аурухананың реанимация бөліміне түскен. Белсенді Ниязбек Юсуповтың сөзінше, 18 мамырда түстен кейін дәрігерлер оны жасанды тыныстандыру аппаратына қосқан. Бірақ оған саясаткердің жүрегі шыдамаған. 

 

Жасарал Қуанышәлин – 1949 жылы Ақтөбе облысының Қарабұтақ ауданында дүниеге келген. 1991 жылы «Азат» республикалық қозғалысы төрағасының бірінші орынбасары, 1994-1995 жылдары Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаты, 1998-1999 жылдары Ақтөбе облыстық демография және миграция басқармасы басшысының орынбасары, 1999 жылы Ақтөбе облысы мұрағатының директоры, 1999-2003 жылдары Ақтөбе облысының ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 

 

Кейін оппозицияға өтіп, өмірінің соңына дейін түрлі ұйым қатарында билікті, саяси жүйені ашық сынап келді. 2006 жылы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-ұжданына тіл тигізді деген айыппен екі жылға сотталып, амнистияға байланысты сот залынан босатылды. 2022 жылы сәуірде «Алға, Қазақстан» партиясын құратынын мәлімдеді. Бірақ әділет министрлігі түрлі себептермен партияны тіркемеді. 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

18/05/2023 18:26
16090 0

Уведомление