Алматыда коронавируспен күреске бөлінген қаржыны полиция тексеріп жатыр

Қоғамдық денсаулық басқармасы бұрынғысынша жұмыс істеп жатыр


18/09/2020
14:19 47328 0

Фото: kzaif.kz

 

Алматының құқық қорғау органдары қалада коронавируспен күреске бөлінген қаражат қалай игеріліп жатқанын тексеруге кірісті. Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров ҚазАқпаратқа осы туралы түсінік берді.

 

Бұған дейін Facebook-те «құқық қорғау органдары қоғамдық денсаулық басқармасының вируспен күреске жұмсаған қаражатын тексеріп жатқаны» туралы ақпарат тараған еді. Хабарламада полицейлер басқармадағы компьютерлерін алып кеткені айтылады. Онлайн сұхбат барысында журналистер Надыровтан осыған қатысты пікір беруін сұрады. 

 

— Иә, COVID-19-бен күреске бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына қатысты тексеру жүріп жатыр. Ал қылмыстық іс қозғалуы туралы түсінік бере алмаймын. Бұл сұрақты тиісті құқық қорғау органдарына қойған дұрыс, — деді басқарма басшысы. 

 

Оның айтуынша, басқарманың қызметіне тыйым салынған жоқ, бұрынғы режимімен жұмыс істеп жатыр.

 

Поделиться

Нет комментариев.

18/09/2020 14:19
47328 0

Уведомление